Инвестициялар

Француз компаниясы Астанада 10 млн долларға цемент зауытын салуды жоспарлауда

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А. Раудың «Vicat Group» француз компаниясының Президенті Ги СИДОС (Guy Sidos) мырзамен, сонымен бірге Топтың құрметті президенті Жак Мерсерон-Вика(Jacques Merceron-Vicat) мырзамен кездесу өтті, деп хабарлады ҚР ИДМ.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 12:58

Айта өтейік, кездесудің шеңберінде Жамбыл облысындағы Мыңарал цемент зауытының әрекеттегі өндірісін жүзеге асыру және оны кеңейту – 2015-2016 жж. Астана қаласында цемент терминалдың құрылысы.

Сондай ақ, қазіргі цемент терминалдың базасында бетон сапасын зерттеу үшін зертханалары және қаптау цехы кіретін сарапшылық орталығын құру жоспарлануда. Жобаның құны 10 миллион АҚШ доллар шамасында құрайды.

Естеріңізге сала кеткейік, топ әлем бойынша 12 цемент, 226 бетон зауыттарын , 70 карьерлерді иеленетін әлемдегі ірі цемент, бетон және толтырғыштар өндірушілердің бірі болып табылады.

Топ 2008 жылдан 300 млн. АҚШ доллар инвестициялап, Қазақстан Республикасының экономикалық өміріне белсенді қатысады. Қазіргі технологиялар бойынша салынған зауыт отандық индустрияда жетекші орындардың біріне ие болды.Бұл зауыттың ашылуы, 600 адамға негізгі бөлігін Жамбыл облыс тұрғындары құрайтын жаңа жұмыс орындарын (жалданған ұйымдарды қоса) құруға мүмкіндік берді. Цемент зауытының қасында өмір сүру және жұмыс үшін қолайлы жағдайлар жасалған, мамандардың жанұяларымен тұрақты тұру үшін 96 пәтерлі «Самал» тұрғын жұмыс қалашығы салынды.




Яндекс.Метрика