Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Сауд Арабиясы ядролық және балама энергетика саласының әлеуетін талқылады

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Сауд Арабиясының Қазақстан Республикасындағы елшісі Гурм бен Саид Әл-Милханды қабылдады, деп хабарлады «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 15:03

Кездесу барысында тараптар ядролық және балама энергетика саласындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін сөз етті. Сұхбаттастар Қазақстан мен Сауд Арабиясының атом салаларын дамытуға екі ел де өзара мүдделі екендіктерін атап көрсетті.

Асқар Жұмағалиев ұлттық атом компаниясының жаңарған Даму стратегиясы, Төмен байытылған уран банкін құру туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп, ядролық энергетиканы бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға шақырды. Гурм бен Саид Әл-Милхан Сауд Арабиясы қос мемлекеттің өзара тиімді қарым-қатынасын дамыту болашағына үлкен қызығушылық білдіретінін жеткізді.

Кездесу соңында А. Жұмағалиев Сауд Арабиясындағы компаниялардың өкілдерін «Болашақтың энергиясы» тақырыбына арналған «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға шақырды.

 




Яндекс.Метрика