Энерготиімділік

Қостанай облысындағы барлық қазандықтар жылу маусымына дайын

Қостанай облысында қытымыр қысқа барлығы 102 қазандық, 733 автономды жылыту жүйесі сақадай сай, деп хабарлады облыс әкімінің бірніші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетов әкімдіктің кеңейтілген отырысында.
Қостанай25 Қыркүйек , 10:03

Ол атап өткендей, жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары  жоспардан артық жүзеге асырылды, жоспар бойынша 24,93 км бола тұра 26,4 км жылу жүйесі,  жоспар бойынша 31,83 км бола тұра 94,67 км суқұбыры-кәріз жүйесі қалпына клетірілді.

«1879,2 км электр желісінің  1713,2 км жөнделді. Облыстың барлық әлеуметік нысандары сақадай сай: 770 білім беру нысаны, 557 денсаулық сақтау нысаны мен 725 әлеуметтік нысан», - деді ол.

Сонымен қатар, тұрғын үй секторы да жылу маусымына дайын, 2621 көпқабатты тұрғын үй немесе жоспар 100%-ға орындалды. 




Яндекс.Метрика