Ұлтаралық бірлік

Бейжіңде Қазақстанда ұлтаралық келісімді сақтау мәселесі талқыланды

Бейжіңдегі Қазақстан елшілігінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы: қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде25 Қыркүйек , 10:18

Шараға Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Дмитрий Мезенцев, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Украина, Тәжікстан, Түркіменстан елшілері мен дипломаттары қатысты.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар геосаяси өмірде  ұлтаралық келісімнің сақталуы, күрделі оқиғаларды шешудің жолдары мен әдістері бойынша пікір алмасты.

ҚХА төрағасының орынбсары Е.Тоғжанов атап өткендей, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында ҚХА «Бірыңғай болашақтың ұлтын» қалыптастырудың басты механизмдерін анықтады.

ҚХА-ның жұмысына орталық және жергілікті органдардың қатысуы мемлекет пен қоғамның ықпалдасуының  нәтижесі болып саналады.

 




Яндекс.Метрика