Өңірлер

Қостанай облысында 2,2 млн га алаңнан астық өнімі жиналды

Қостанай облысында астық дақылдар өнімі 2,2 млн га (55%) алаңнан жиналып алынды, сонымен қатар орташа түсім гектарынан 9,7 ц көрсеткенде 2 млн 142 мың тонна өнім бастырылды, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Қостанай25 Қыркүйек , 11:53

Айта өтейік, бүгінде Жангелді ауданындағы шаруашылықтың егін жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Амангелді ауданының шаруалары да соңына таяп қалды.

Наурызым (89%),  Қамысты (82%), Әулиекөл (79%), Денисовск (77%) пен Жетіқара (73%) аудандары мен  Арқалық қаласында  (71%).егін алқабының жартысынан көбі жиналып алынды

«Бүгінде тұтыну көлемі 548 мың тонна болған жағдайда отбасылық қорға  барлығы 260 мың тонна астық немесе 48% құйылды», - делінген хабарламада.

Жалпы, облыс бойынша орташа түсім гектарынан 11,5 ц болған жағдайда 4,5 млн тонна бидай жинау көзделіп отыр. Бұл ішкі қажеттілікті қанағаттандырып, экспорттық әлеуетті сақтап қалуға мүмкіндік береді.




Яндекс.Метрика