Өңірлер

ШҚО әкімі Семейдегі жылу жүйелерінің жұмысын тексерді

Облыс әкімі Даниал Ахметов әрбір қазандықтың, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының, тұрғын үйлердің жылу беру маусымына дайындық барысын тексеріп қайтты. Сондай-ақ, салынып жатқан нысандар мен денсаулық сақтау мекемелерін аралады, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан25 Қыркүйек , 10:49

Шаһарда алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы қарқынды жүргізілуде. Барлық 16 қазандық станцияларында бекітілген кестеге сәйкес қазандық агрегаттары, жүйелері ауыстырылып, жаңа жабдықтар жеткізілген.  Қаражыра қиылысынан көмір тасу мәселесі де шешімін тапқан.

Аймақ басшысы қазандықтардағы жұмыс қарқынын тексерді. Сондай-ақ, «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша қайта жөндеуден өтіп жатқан жылу жүйелерін өз көзімен көріп қайтты. Жылу беру кестесін бұзып алмас үшін, 7 қазанға дейін барлық жұмыстар аяқталғанша, облыс әкімі  үш кезектегі жұмысты ұйымдастыруды тапсырды.

Жылу беру нысандарын аралаған аймақ басшысы қазандық станциялары мен тисіті құрылым басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.

« Семейліктерге алаңдауға себеп жоқ. Жұмыс қарқыны жаман емес, өз уақытында аяқталады. Келесі аптада жылу беріледі, бұл әсіресе аурухана, мектеп және балабақшаларға қатысты», - деді Даниал Ахметов.

 Ары қарай облыс әкімі «Ертіс» АҚ қаржысына салынып жатқан, 200 орындық спортта дарынды балаларға арналған пансионат пен тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.

Сондай-ақ, әкім бағдарламасында денсаулық сақтау мекемелері, аурухана және жедел медициналық қызмет көрсету, радиологиялық орталық болды.

 




Яндекс.Метрика