Халықаралық интеграция

Мемлекеттік хатшы институционалдық реформаларды іске асыруда әйелдер рөлінің артқандығын атап өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшы, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан делегациясын бастап баруымен осы күндері Санкт-Петербор қаласында өтіп жатқан Еуразиялық әйелдер форумына қатысады.
Әлемде25 Қыркүйек , 08:56

Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова Қазақстан Республикасында әлеуметтік және гендерлік саясатты іске асыру мәселелері бойынша өзінің баяндамасында, Қазақстан Бүкіләлемдік экономикалық форумның Жаһандық гендерлік теңдік рейтингінде 43 орынға ие екендігін атап өтті. Мемлекеттік хатшы қазақстандық әйелдердің  әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда өздерін жаңа қырынан танытуда барлық мүмкіндіктері бар екендігін атап өтті.

Сонымен қатар Гүлшара Әбдіқалықова Форумға қатысушылардың назарын 2015 жыл Пекин декларациясының қабылданғанына 20 жыл толуы гендерлік мейнстриминг мәселелерін ілгерілетудегі елеулі кезең екендігіне аударды.

Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған елімізді жан-жақты жаңғырту бойынша Бес институционалдық реформаларды іске асырудағы әйелдер рөлінің артқандығына форумға қатысушыларға айрықша атап көрсетті.

Сөзінің соңында Г.Н.Әбдіқалықова бірқатар нақты ұсыныстарды алға тартып, форум қонақтарын «Болашақтың энергиясы» ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне қатысу үшін Астана қаласына келуге шақырды.

Түстен кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ресей делегациясының жетекшілерімен және басқа да қатысушы елдердің делегация басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Атап айтсақ, ТМД-ға қатысушы елдердің Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің Төрайымы, РФ Федералдық жиналыстың Федерация кеңесінің Төрағасы В.И.Матвиенкомен, РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары   О.Ю. Голодецпен, Армения Республикасының Ұлттық жиналысының вице-спикері Э.М.Нагдалянмен, Вьетнам Ұлттық жиналысы Төрағасының орынбасары Тонг Тхи Фонгпен және Тәжікстан Оли  Маджлиси Маджлиси намояндагон вице-спикері Юсуфи Хайринисомен кездесті.

Кездесу барысында әлеуметтік-гуманитарлық даму саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен келешегі талқыланды.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика