Президент тапсырмаларының орындалуы

ҚР ІІМ жол апаттарының себептерін атады

Биыл Қазақстанда 15 мың жол-көлік оқиғасы орын алды, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 60%-ға артық, деп мәлімдеді ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция Комитетінің Төрағасы Игорь Лепеха.
Астана қаласы29 Қазан , 12:50

Комитет төрағасы ЖКО-ның басты себептерінің бірі ретінде инфрақұрылымның әлсіздігін айтты. Соның ішінде жалпы республика көлемінде бар болғаны 96 жер үсті, 28 жер асты өткелінің бар екенін мәлімдеді.

«Және де осының 68-і Алматыға тиесілі, жалпы бұлардың барлығы дерлік Алматы мен Астана қалаларында орналасқан. Ал облыс орталықтарындағы қалаларда бірен-саран ғана. Сол себепті жаяу жүргіншілер жолға шығып кетіп, нәтижесінде апаттық жағдайлар орын алып жатады», - деді И.Лепеха.

Комитет төрағасының айтуынша, жол-көлік оқиғаларының 90 пайызы жүргізушілердің кесірінен болады.

«Жүргізушілер тарапынан болатын барлық ЖКО-ның 20 пайызына жылдамдықты шектен асыру себеп болады. Дәл осының кесіренен қайғылы оқиғалар орын алады», - деп түйіндеді И.Лепеха.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы ЖКО салдарынан орын алған кісі өлімінің өскеніне назар аударған болатын. Осы орайда Елбасы алкогольді ішімдік ішіп рөлге отырғандарға қарсы жауапкершілікті күшейтуді тапсырған.

 




Яндекс.Метрика