Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстан Белоруссиямен бірлесіп ауыл шаруашылығы техникасын дайындайтын кәсіпорын ашады

«АгромашХолдинг» АҚ Беларусь Республикасымен бірлескен ауыл шаруашылығы техникасын шығарытын кәсіпорын ашу туралы келіссөздер жүргізуде, ол Қазақстан аумағында орналасады, деді «АгромашХолдинг» АҚ төрағасы Ким Дин Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан24 Қыркүйек , 14:59

2015 жылдың бірінші жартысы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығының өндірісі 8,1 млрд теңгені құрады. Трактор өндірісі 19,1 пайызға өсті. Астық жинайтын комбайндардың өнімі 12,2 пайызға төмендеді.

«Бізге әрине, бағамдық өзгешеліктің айырмашылығы тиіп жатыр. Біздің ұжыммен инноваиялық құрылым  мәселелері талқылануда, олар сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуы тиіс», - деді Д.Ким.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы машина құрылысының өнімі ішкі қолданысқа бағытталған. Осы орайда «АгромашХолдинг» АҚ Беларусь елімен бірлесіп кәсіпорын ашпақ.

«Қазір белорустық серіктестермен ықпалдасып жатырмыз. Қазақстанда бірлескен кәсіпорын ашуды жоспарлап отырмыз. Қазақстандық үлесті тауар саласында ұлғайтқымыз келеді, сондықтан тынымсыз еңбек етілуде», - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан әлем бойынша  астық экспортынан 7-ші орынды иеленіп отыр. Қазақстандық астықтың негізгі шығарылатын орны Түркия, Иран, Ауғанстан, КО, ТМД, Солтүстік Африка елдері.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика