Қазақ хандығына 550 жыл

Г.Кан: «Ұлы дала елі» экспедициясы - Қазақстандағы туризмді дамыту шарасы

Қазақ хандығының 550 жылдығы аясындағы «Ұлы дала елі» экспедициясын туризмді дамыту шараларына жатқызуға болады, деді тарихи ғылымдардың докторы, профессор, ғылыми тарихи еңбектердің авторы Георгий Кан Strategy2050.kz. АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Нұр-Сұлтан24 Қыркүйек , 13:46

Георгий Кан Алматы облсынан келіп жетті, ол Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жобалардың белсенді қатысушысы. Сұхбат барысында тарихшы экспедиция күндері қалай өтіп жатқандығын, жастар Қазақстанның тарихына қалай еңбек етіп жатқаны туралы айтты. Г.Кан атап өткендей, экспедиция бағыты елдің туризм саласын дамытуы мүмкін.

«Институционалды реформада «Бірлік және біртұтастық» бағытында ҚХА –ның «Үлкен ел-үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру қазақстандық бірлік пен азаматтық қоғамды дамытуға септігін тигізеді. Туризм деген не – ол біздің тарихымыз, қазақстандық табиғат, салт-дәстүр. Сол үшін туристер Қазақстанға келеді. Қазір «Ұлы дала елі» ауқымды экспедициясы аясында туристік бағыт бойынша жол жүріп барамыз», - деді Г.Кан.

Профессордың айтуынша, адамдар, яғни туристер оларды жақсы қарсы алатын аймаққа барады.

«Бұл орайда қазақстандықтардың әлеуеті жоғары. Бұл халықтың менталитеті сондай. Бұның барлығы негізгі нәтиже ретінде есептеледі. Экспедицияға қатысушылардан жаңалық күтеді деп ойламаймын, олардың мақсаты тарихи жерлерге барып, қызығушылықты арттыру», - деді ол.

Тарихшының сөзіне сәйкес, егер де «Ұлы дала елі» экспедициясын туристік маршрут ретінде есептеп, оны қонақжайлық жағынан қарастырсақ, туризмді дамытудың болашағы зор.

«Ұлы дала елі» экспедициясы халықтық жоба. Менің бір тілегім, аталмыш жоба аяқталмаса екен», - деді экспецияға қатысушы.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика