Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Алматы облысында 24 денсаулық сақтау нысаны салынуда – әкімдік

Жалпы биыл Алматы облысында денсаулық сақтау саласына 68,6 млрд. теңге бөлінген. Облыс тұрғындарына 931 мекеме медициналық көмек көрсетеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы25 Қыркүйек , 08:37

2015 жылы облыс аумағында 24 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланған.

Бүгінгі күні 8 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 17 денсаулық сақтау нысанына 1,4 млд.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілуде.

2015 жылы облыстың медицина ұйымдарын жабдықтау мақсатында жергілікті бюджет есебінен 1067,4 млн.теңгеге 156 дана медициналық құрал-жабдықтар және 148,5 млн.теңгеге 18 дана санитарлық автокөліктер алынды.

 

 




Яндекс.Метрика