Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Түркияның әскери қызметшілері бірлескен оқу операциясын өткізді

«Іле» оқу-жаттығу орталығында және Құрлық әскерлері Әскери институтының полигонында Қазақстан мен Түркия Қарулы Күштерінің «Қабылан жолы – 2015» бірлескен халықаралық оқу-жаттығуы мәре сызығына келіп жетті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан25 Қыркүйек , 09:13

Он күн ішінде екі елдің арнайы мақсаттағы бөлімшелері, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің авиациясы содырлардың шартты базасын жою, оқ атуларды, 3 000 – 4 000 метр биіктіктен парашюттен секіруді орындады, сондай-ақ 50 шақырымдық марш жасады. 

 Барлығы практикалық эпизодтарға шамамен 170 жауынгер, 20-ға жуық бірлік автомобильдік және 10 броньды танкті техника, бес бірлік маңдайшептік және армиялық авиация тартылды. Оқу-жаттығу Әуе қорғанысы күштерімен өзара іс-қимылда күндізгі және түнгі уақытта өткізілді.

 Арнайы мақсаттағы бөлімшелер лазерлік мақсат көрсеткіштерді қолдана отырып, маңдайшептік авиацияны келтіруді жүзеге асырды. Су-27 жауынгерлік ұшақтарының жұбы бомбалық соққымен берілген нысаналарды сәтті жойып отырды. Нәтижесінде Қазақстан мен Түркияның арнайы мақсаттағы бөлімшелері қойылған тапсырмаларды орындап шықты.

«Қабылан жолы – 2015» оқу-жаттығуы биылғы жылы алғаш рет өткізілгенін айта кеткен жөн. Ол әскери қызметшілердің кәсіби қасиеттерін және жауынгерлік машығын арттыруға, екі елдің Қарулы Күштерінің ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді. Владимир Третьяковтың суреті


 




Яндекс.Метрика