Өңірлер

БЖК: Маңғыстау облысында көп салалы клиника ашылды (ФОТО)

Ақтауда көп салалы жаңа клиника ашылды, ол «Даму» қорының қолдауымен «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ашылды, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау 24 Қыркүйек, 14:32

«Аталмыш клиника тегін кепілдендірілген медициналық көмек көрсету аясында жұмыс істейді. Клиника ұжымы өңірдің денсаулығын арттыру үшін бірталай үлес қосатын болады. Бұл біздің өңірдегі медицина саласын дамытуға серпіліс береді», - деді облыс әкімі Алик Айдарбаев.

Денсаулық сақтаудың жаңа нысаны 55 орынға есептелген, сербтік компанияның халықаралық стандартына сай салынған. Құрылыс 2013 жылы басталған болатын. Нысанның аумағы 11 мың шаршы метр.

Нысан ультразаманауи қондырғылармен қамтылған. 





Яндекс.Метрика