Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстан мен Өзбекстан ғарыш технологиялары саласында ынтымақтастық жүргізуге мүдделі

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары «Өзбекстан-Қазақстан: сауда миссиясы» бизнес-форумына қатысты, шара Ташкеентте «KAZNEX INVEST» АҚ қолдауымен жүзеге асты, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.
Әлемде25 Қыркүйек , 09:31

Аталмыш шара барысында қазақстандық мамандар Өзбекстан Республикасының ғылым академиясы Астрономикалық институттың жанындағы «Жерді қашықтықтан зонттау мен ГИС технологиялар» өкілдерімен кездесті.

« «ҚҒС» ҰК» АҚ мамандары  бизнес-форум қатысушыларына қазақстандық «KazEOSat-1» мен «KazEOSat-2» аппаратының мүмкіндіктерін түсіндірді.

«Сондай-ақ, тараптар аталмыш технологияларды қолдану бойынша пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

«Келіссөздер қорытындысы бойынша Өзбекстанның мемлекеттік ұйымдары аталмыш технологияларды қолдануда жоғары қызығушылық таныты», - делінген  хабарламада.




Яндекс.Метрика