Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Есепті мемлекет бағыттарының бірі ақпаратқа қолжетімділік болып есептеледі – сарапшы

ҚР Президентінің 5 институционалды реформасы – Ұлт жоспарында есепті мемлекеттің қалыптасуына қажетті 10 қадам көрсетілген. Осы орайда Астана сарапшылары қалыптасу үрдісі қалай жүру керектігі бойынша өз пікірлерін білдірді.
Нұр-Сұлтан24 Қыркүйек , 13:07

«Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырған  Сарапшылар клубының VI кеңесінің алаңында қатысушылар Қазақстандағы қоғамдық бақылау институнының даму  идеясын ұсынды.

Құқықтық саясатты зерттеу орталығы директорының міндетін атқарушы, ақпаратқа қол жеткізу заңының әзірлеуі   жұмыс тобының қатысушы Татьяна Зинович:

- Қазір шынымен де пікірталас жүріп жатыр. Есепті мемлекет қандай болуы керек, ол қандай деңгейде қызмет атқару керек деген сұрақтар туындайды. Жалпы, есепті мемлекет салыққа байланысты ел алдында есеп беру керектігін қарастырады. Есепті мемлекет бірнеше бағытты қарастырады: ақпаратқа қолжетімділік, қоғамдық бақылау.

Сорос-Қазақстан қорының жанындағы  «Жергілікті бюджет» бастамасының үйлестірушісі Асқар Күшкінбаев:

- Менің ойымша, есепті мемлекет деген, мәселен мемлекеттің немесе жергілікті ауылдық округтың бюджеті халыққа ашық болуы тиіс. Қазақстанда азаматтық бюджет деген түсінік бар. Қазір мемлекеттік орган мен атқарушы орган сайттарында азаматтық бюджеттер жарияланып тұрады. Кез келген адам ол ақпаратпен танысып, қаржының қайда жұмсалып жатқанын біле алады.

«Астана Консалтинг орталығы» ҚҚ директоры, ақпаратқа қол жеткізу заңының әзірлеуіне қатысты жұмыс тобының қатысушы Әлия Дұғанова:

- Мен үшін есепті мемлекет – кез келген деңгейдегі отырыстарды ашық түрде өткізу. Сондай-ақ, ашықтық кезіндегі олқылықтар үшін жауапкершілікті сезіну. Оны заңнамада көрсетілген жауапкершілік қарастыру керек.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика