Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

Жамбыл облысында химиялық және кен өндіретін кешен салу жоспарлануда

Ресейдің, тіпті дүниежүзіндегі алпауыт компаниялардың бірі саналатын «ЕуроХим» минералды-химиялық компаниясының құрамына кіретін «ЕуроХим-Тыңайтқыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Сарысу ауданының аумағындағы «Көкжон» фосфорит кен орнында бұрғылау-жару жұмыстары басталды, деп Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы хабарлады.
Жамбыл29 Қазан , 12:51

« «Көкжон» кен орнының «Аралтөбе» учаскесінің бүр бүйірі бүлк етіп, жарылыс болды. Жарылыс болғанда дүниенің астаң-кестеңі шыққан жоқ, шаң-тозаң да көкке көтерілмеді. «Еурохимдіктер» экологиялық талапқа сай, табиғаттың тепе-теңдігін қатаң сақтау қағидасын басшылыққа алғандығын алғашқы жарылысқа қатысқан сарысулықтар  бірден көз жеткізді», - деп хабарламада нақтыланған.

Сонымен «ЕуроХим» компаниясының Қаратау фосфорит кен орнын игеруі басталды. Фосфорит концентратын өндіруге арналған кен-байыту кешенін және минералды тыңайтқыштардың алуан түрін өндіретін зауыт салу кешенді жобаның бір бөлігі болып табылады. Бұл жобаның жүзеге асуымен Қазақстан Республикасындағы минералды тыңайтқыштар тапшылығы мәселесі шешіліп, елімізде өндірілетін ауылшаруашылығы дәнді дақылдарының сапасы жақсарып, өнімділігі артатын болады.

Салтанатты шарадан кейін облыс әкімі мен Мәскеу және Алматы қалаларынан келген «еурохимдіктер» республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Сарысулық ардагерлер атынан белгілі дәрігер, ауданның Құрметті азаматы Тұрар Мысықбаев облыс әкімі Қанат Бозымбаевқа өңірге осындай аса ірі компанияны тартып, ауқымды жобаны қолға алғаны үшін алғысын айтып, батасын берді. Өндіріс орнында аудан тұрғындары еңбек ететін болады. Алдағы уақытта аудан жастарын тау-кен мамандықтарына оқыту жоспарлануда.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика