Парламент

Мәжіліс Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының режимі туралы үкіметаралық келісімді ратификациялады

ҚР Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының режимі туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 20:19

Сондай-ақ, жалпы отырыста депутаттар мәдениет мәселелері бойынша түзетулерді және Бенилюкс мемлекеттерімен (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді және іске асыру хаттамаға, Латвиямен адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді, 2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялауға қатысты заң жобаларын жұмысқа қабылдады.
 




Яндекс.Метрика