Парламент

Мәжіліс Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялады

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 19:51

Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа 2015 жылдың 1 сәуірінде Астана қаласында қол қойылған.

Шарт ережелеріне сәйкес, Тараптардың сұрау салулары негізінде құзыретті әділет органдарының юрисдикциясына жататын қылмыстарға қатысты қылмыстық іс жүргізулер бойынша бір-біріне өзара құқықтық көмектер көрсетуге міндеттеледі. Бұл ретте Қазақстан мен Мажарстан құқықтық көмектер аясында адамдардың немесе заттардың орналасқан жерін анықтауды және оларды сәйкестендіруді, қылмыстық іс жүргізуге қатысы бар құжаттар мен материалдарды табыс етуді қарастырады.

Бұдан басқа, мемлекеттердің құзыретті органдары өзара жауап алу мен айғақтар алуды, күзетпен ұсталатын адамдардың айғақтарын алу немесе басқа да процестік әрекеттерге қатысуы үшін оларды уақытша беруді, тінтуді жүзеге асыруды, дәлелдемелерді алып қоюды, активтерді тәркілеуді жүзеге асыра алады.

Бұл ретте құқықтық көмектер сұрау салатын тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес жазалануға жататын қылмыстар бойынша қозғалған істер бойынша беріледі.




Яндекс.Метрика