Парламент

Мәжіліс ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 19:24

Ауыл шаруашылығы кооперациясы заң жобасын қабылдау экономиканы әртараптандыру және оның сарқылатын минералдық және табиғи ресурстар қазбаларына тәуелді болуын азайту, өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және оларды келешекте зейнетақымен қамтамасыз ету проблемаларын шешу бойынша ортақ мемлекеттік стратегия жағынан өзекті және қажетті болып табылады. Заң жобасында кооперацияның кооперативке қатысудың еріктілігі, өзара көмек көрсету және экономикалық пайданы қамтамасыз ету, кооператив мүшелерінің теңдігіне негізделген демократиялық басқару: бір мүше – бір дауыс және басқа сияқты негізгі қағидаттары бекітіледі.

Кооперативке заңды тұлғалардың кіру мүмкіндігіне байланысты кооператив мүшелері үшін жеке еңбек етуге қатысуының міндетті болмауы туралы ереже бекітіледі. Бұдан басқа, заң жобасында ауыл шаруашылығы кооперативі үшін жыл сайынғы ішкі аудит жүргізудің міндеттілігін енгізу ұсынылады, бұл үшін әрбір кооператив ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одағына кіруге міндетті болады.

Бұл ретте, бастапқы кезеңде ішкі аудитті жүргізуге жұмсалатын шығындардың 50 %-на дейін бюджет есебінен субсидияланатын болады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика