Басқару

Ашық есік күні аясында Мемлекеттік кірістер Департаменті салық төлеу мәселелерін түсіндірді

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде «Ашық есік күні» өтті, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 24 Қыркүйек, 12:38

Шараны салтанатты түрде Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары Алмат Иманғожин ашты.

«Бұл іс-шараның басты мақсаты – азаматтарды салық заңдылығына қатысты ақпараттандыру, салық төлеушілерді ерікті түрде уақытылы бюджетке салық төлеп тұруға шақыру. Мұндай ашық есік күндері әр апта сайын бейсенбіде Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларында өткізіліп тұр»,-деді А.Иманғожин.

Сонымен қатар ол салық төлеушілер үшін түсіндіру жұмыстарының жаңа форматта жүргізіліп жатқандығы туралы мәлімдеді. Қазіргі таңда сауда үйлерінде кеңес алу күндері, апта сайын өзекті сұрақтарға арналған тақырыптық семинарлар, ірі ойын-сауық, сауда орталықтарында мүлік салығын төлеуге байланысты жеке тұлғаларға арналған іс-шаралар өткізіліп жүр.

Бүгінгі «Ашық есік күні» аясында Департамент қызметкерлері салық төлеушілерге флешмоб әзірледі. Бұрын-соңды болмаған флешмобпен жас мамандар келушілерге кешке дейін қызмет көрсететін әріптестеріне қолдау көрсетті. Сонымен қатар, келген қонақтарға да көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Астана қаласының тұрғындары бүгін таңғы 9-дан бері салық есептері үлгілерін толтыру, салық салу бойынша кез келген сұрақтарына жауап алып, ақпараттық жаднамаларды да алып жатыр.

 

 





Яндекс.Метрика