Парламент

Мәжіліс есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының үлгілерін беру тәртібін ратификациялады

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының үлгілерін беру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 18:56

Келісім есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының үлгілерін беру тәртібі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдары арасындағы  құқықтық негіздер  жасауға және ақпараттық өзара іс-қимыл жасасуын нығайтуды қамтамасыз етуді реттейді.

 «Осы Келісімнің мақсаты жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру, салыстырмалы криминалистикалық зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ ғылыми және оқу мақсаттарында заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының үлгілерін беру тәртібін белгілеу болып табылады», - деді ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы 18 қазанда Санкт-Петербургте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының үлгілерін беру тәртібі туралы келісімге қол қойылды.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика