Мәдениетті жаңғырту

Қ.Уәлиев: «Түркмен суретшілерінің әлемі» көрмесі Қазақстан мен Түркіменстанның арасындағы қарым-қатынастың дамуына тың серпін береді (ФОТО)

ҚР Ұлттық музейінде өтіп жатқан «Түркмен суретшілерінің әлемі» көрмесі Қазақстан мен Түркіменстанның арасындағы қарым-қатынастың одан ары дамуына тың серпін береді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уалиев Астанадағы көрмені ашу барысында.
Нұр-Сұлтан 23 Қыркүйек, 18:23

«Аталмыш көрмені ҚР-дағы Түркіменстан Елшілігі ұйымдастырды. Бұл Қазақстан үшін маңызды оқиға. Екі елдің мәдениеті өзара үндеседі, оның үстіне екі ел арасында достық қарым-қатынас орнатылған. Бұл көрме Қазақстан мен Түркіменстанның арасындағы қарым-қатынастың  одан ары дамуына тың серпін береді», - деді Қ.Уәлиев.

Түркімен мемлекеттік мамандандырылған сурет мектебінің директоры Чарымырат Язмырадов аталмыш көрмені ұйымдастырушыларға үлкен алғысын білдіріп, тамыры мен тарихи бір ағайынды халықпен кездескені үшін қуанышты екенін жеткізді. Сонымен қатар, барша қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен  құттықтады. 





Яндекс.Метрика