Парламент

Мәжілісмендер базалық зейнетақыны бекіту мерзімін 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартуды ұсынды

ҚР Парламенті Мәжілісінің Бастамашыл депутаттар тобы базалық зейнетақыны бекіту мерзімін 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартуды ұсынды. Сәйкесінше тақырып бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Ферхо сұрау берді.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 18:11

«Бүгінгі экономикалық ахуалды бағалау нәтижесін есепке ала отырып ҚР Парламенті Мәжілісінің Бастамашыл депутаттар тобы базалық зейнетақыны бекіту мерзімін  2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартуды ұсынды», - деп мәлімдеді  депутат.

Оның айтуынша, зейнетақы көлемі жыл сайын 9%-ға артады.  Ал, 2016 жылдан бастап мүгедектер мен отбасыларға берілетін жәрдемақы 25%-ға өседі.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика