Басқару

Н.Петухова: Міндетті медициналық сақтандыру заңы елдегі салық салу қорытындысын жақсартады

Міндетті медициналық сақтандыру заңы елдегі салық салу қорытындысын жақсартады, деді ҚР Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, депутат Надежда Петухова Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан24 Қыркүйек , 11:03

«Бұл заң тарихи, себебі ол денсаулық сақтаудың  қаржыландыру жүйесін өзгертті, оны тұрақты қылып,  әрі қоғамға деген қарым-қатынасты өзгерте түсті. Енді қоғамдық және жеке денсаулыққа мемлекет, жұмыс беруші және азамат жауап береді.Заңда елдің әрбір азаматы тегін кепілдендірілген ем алуы туралы жазылған. Бекітілген көлем бойынша емделу Конституцияның 29 бабында жазылған», - деді Н.Петухова.

Н.Петухова айтып өткендей, жұмыс беруші тарапынан салық төленуі бойынша заң сақталған, ол елдегі салық салу жұйесіне оң нәтиже беруі мүмкін.

Оның айтуынша, заң жобасын дайындауда осыған дейін талқыланып жүрген даулы мәсеелелер қарастырылды.

«Медициналық сақтандыру қорының жалғыз акционері мен құрылтайшысы ҚР Үкіметі болып есептеледі. Барлық активтер Ұлттық банк есепшотында болады. Жыл сайын тәуелсіз аудит пен қордың қаржылық есебі берілетін болады. Бұл қаржыны дұрыс әрі тиімді таратуға мүмкіндік береді», - деді депутат.

«Заң жобасында екі пакет жазылған. Базалық негізге медициналық көмек көрсету мәселелері енеді. Қосымша пакетке жоғары мамандандырылған көмек, стационарлық көмек көрсету енеді. Өз еркімен медициналық сақтандыру жоғалмайды. Оның дамуына мүмкіндік туады», - деді ол.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика