Басқару

С. Ферхо: Адрестік көмекті оңтайландыру Қазақстан халқын әлеуметтік қорғау мәселесін реттейді

Адрестік көмекті оңтайландыру Қазақстан халқын әлеуметтік қорғау мәселесін реттейді, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Ферхо.
Нұр-Сұлтан24 Қыркүйек , 10:02

«Әлеуметтік қорғау заң жобасына қатысты барлық мәселелер – мекен-жайлық көмекті оңтайландырудың мәселесі. Ол адрестік көмекті белсенді атқаруға бағытталған. Біз белсенділік туралы айтқанда қаржыландыру мәселесіне тоқталамыз. Себебі, бұл республикалық бюджет қаржысы», - деді ол.

Оның айтуынша, қазір мәселелер реттелді, барлық қызметтер  оңтайландырылды.

«28-дің 14-і қалды. Жеке адамға бағыт бұрылады, яғни одан талап етілетіні жеке талаптар мен нақты қатысу. Бұл отбасы мен балаларға әсер етпейді. Егер де ересектердің өзінен жұмыс істеуге зауқысы соқпайтын болса, адрестік-әлеуметтік көмектің саны қысқарады. 18 жасқа дейінгі балаларға қатысты айтатын болсақ, олар ешқандай жәрдемақыдан ажыратылмайды», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика