Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Б.Сейдахметов: Қазақстан ұшу қауіпсіздігі бойынша әлемдік рейтінгтегі көрсеткішін жақсартты

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов өзі жетекшілік ететін комитет қызметінің ИКАО стандартына сәйкестігі 47-ден 65 пайызға дейін артқанын айтты.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 17:42

«Еліміздің Азаматтық авиация комитеті қызметінің ИКАО стандартына сәйкестігі 65 пайызға дейін артты. Бұл көрсеткіш мұның алдындағы сараптамалар бойынша 47 пайызға тең болып келген еді. Ал жалпы әлемдік орташа көрсеткіш 60 пайызға жетіп отыр», - дейді Бекен Камалұлы.

Комитет төрағасының айтуынша, ендігі мақсат – қазіргідей қызмет көрсету сапасын ешбір бәсеңдетпей, 2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 80 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр.

 




Яндекс.Метрика