Парламент

Мәжіліс Жер кодексiне енген өзгертулерді мақұлдады

Бүгiн ҚР Парламент Мәжiлiсi Қазақстан Республикасының Жер кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңының жобасын бүгiн екi оқылымда қарастырып, оны мақұлдады.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 17:38

«Заң жобасымен Жер кодексiне келесiдей түзетулер енгiзiлiп отыр. Бiрiншiсi – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi аукцион арылы жеке меншiкке беру. Мемлекет меншiгiндегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер ҚР азаматтары мен заңды тұлғаларына жеке меншiк құқығымен аукциондар арқылы мынадай кезекпен берiледi: бiрiншi кезекте – жер учаскесiнiң кадастрлық құнын арттыруды көздейтiн аукцион арқылы. Егер, екi аукционның қорытындысы бойынша учаске сатылмаса, онда ол жер учаскесiнiң кадастрлық құнын бекiтілген төменгi деңгейге дейiн, яғни, кадастрлық құнының 50%-на дейiн төмендетудi көздейтiн аукционға қойылады. Екiншi – жалға берiлген жер учаскелерiн сатып алу бойынша жеңiлдiк шарттарын беру. Бұл норма бүгiнгi жалға алушылардың мүддесiн ескередi және оларға бұдан бұрын берiлген ауыл шаруашылығы жер учаскелерiн пайдалану құқығының мерзiмi аяқталғанға дейiн жеке меншiкке оның кадастрлық құнының 50%-дық мөлшерiне қарай айқындалатын жеңiлдiк бағамен және төлеу мерзiмiн 10 жылға дейiн ұзартып сатып алуға құқық бередi», - дедi министр.

Заң жобасы, сондай-ақ жалда жатқан ауыл шаруашылығы жерлерiн пайдалану бойынша шектеулердi алып тастауды қамтитын өзгерiстi қарастырады.

«Ауыл шаруашылығы жерлерiнiң нысаналы мақсатын өзгерту рәсiмiн алып тастау да заң жобасы ұсынып отырған кезектi түзетулердiң бiрi. Аграрлық сектор субъектiлерiне әкiмшiлiк кедергiлердi алып тастау және шығындарды азайту арқылы қолайлы жағдай жасау мақсатында ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты нысандар салу кезiнде және шаруашылық нысанын ауыстырған кезде жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатын өзгерту барысы алып тасталды», - деген Е.Досаев бұл шаралар ауыл шаруашылығы жерлерiн нарықтық айналымға толықтай енгiзуге қажеттi шаралар жасауы тиiс екенiн айтты.

Министр өз баяндамасында келтiрген мәлiмет бойынша, бүгiнгi күнi ауыл шаруашылығы жерлерiнiң негiзгi үлесi, яғни 97,4 млн га жер ұзақмерзiмдi жалға берiлген және бұл 98,8%-ды құрайды. Ал ауыл шаруашылығы жерлерiнiң небары 1,2%-ы жеке меншiкте жатыр.

 




Яндекс.Метрика