Парламент

Мәжіліс ШЫҰ мемлекеттері арасында автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялады

Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 17:15

Келісім 2014 жылы Душанбеде жасалған. Құжат халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдай жасау, оны дамыту үшін тараптардың күш-жігерін үйлестіру, халықаралық автомобиль тасымалдарына қатысты тараптардың құжаттамасын, рәсімдері мен талаптарын жеңілдету және үйлестіру мақсатын көздейді. 

«Заң жобасы Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіретін мемлекеттердің арасындағы автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бұл құжатта Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан арасында рұқат жүйесі негізінде келісілген бағыттар бойынша жүк тасымалдау қарастырылған. Келісімде алты бағыт айқындалған», -деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

«Олардың төртеуі Қазақстан арқылы өтеді. Сонымен бірге әр бағытты ашу мерзімі бекітілген, ол 2020 жылдан кешіктірілмейді. Келісім күшіне енгеннен кейін ұйымға мүше мемлекеттердің тасымалдаушылары бекітілген бағыттар бойынша тасымалдарды жүзеге асыруға, соның ішінде Қытайдың шығыс бөлігінен Батыс Еуропаға дейін мүмкіндік алады», - ол.

Келісім қабылданған жағдайда Қазақстан арқылы автомобиль көлігімен өтетін транзиттік жүктердің көлемі 2020 жылдан бастап 73 млн тоннаға дейін артпақ.  

 

 




Яндекс.Метрика