Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстанда ішкі әуе рейстерінің бағасы көтерілмейді – ҚР ИДМ

Қазақстанда ішкі әуе рейстерінің бағасы көтерілмейді. Бұл жөнінде ОКҚ брифингісінде Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов мəлім етті.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 17:06

 «Елде ішкі әуе рейстерінің бағасын көтеру күтіліп отырған жоқ», - деді ол.

«Өздеріңіз білетіндей, əуе компаниялардың шығындарының ұшақтың арендасына, оны жөндеу жұмыстарына, жанармай бағасына жұмсалады. Оның үстіне, ұшқыштар мен инженерлердің көбі  шет елдердің оқу орындарынан білім алады. Бұл жұмыстардың барлығы доллармен есептеледі», - деп хабарлады Б.Сейдахметов.

Комитет төрағасы атап өткендей, əуе компаниялары ішкі рейстердің бағасын қымбаттатпайды.




Яндекс.Метрика