Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Алматыда ЮНИСЕФ/ДДҰ-ның Алматы декларациясы бойынша халықаралық конференция өтеді

6-7 қараша күні Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) бойынша ЮНИСЕФ/ДДҰ-ның Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы29 Қазан , 12:02

«Шараға ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Жужанна Якаб, ДДҰ аймақтық кеңсе директорлары, ЮНИСЕФ штаб-пәтерінің директоры Ник Алируль, денсаулық сақтау саласының халықаралық сарапшылары, денсаулық сақтау министрлері мен министрлік, Азия даму банкі, Орта Азиядағы денсаулық сақтауды жаһандық зерттеу орталығы, Қазақстандағы Дүниежүзілік банк, Орта Азия өңіріндегі АҚШ-тың аурулардың алдын алу мен бақылау орталығы және өзге де ұйымдардың өкілдері бастаған әлемнің 70 елінен қонақтар қатыспақ», - делінген хабарламада.

Конференция өзге елдермен тәжірбие алмасуға, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің инновациялық формасын қамтамасыз ету арқылы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша келешектегі ұсыныстарды анықтауға, медбике әлеуеті рөлін күшейту мен АМСК қызметін компьютерлендіру мен ақпараттық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Шара барысында мамандарды дайындау мен жалпы дәрігерлік тәжірбиені арттыру, АМСК қолжетімділігі мен сапасын, транспорттық медицинаны дамыту, ауылдық жерлердегі халыққа медициналық қызметтерді жеткізу, хронологиялық ауруларды басқару бағдарламасын енгізуді қолға алу секілді мәселелер талқыланады.

Естеріңізге сала кетейік, 35 жыл бұрын әлемнің 157 елі АСМК дамуының болашағы мен әлемдік денсаулық сақтау жүйелерінің күн тәртібіне келтіре отырып Алматы Декларациясын қабылдаған болатын.

 




Яндекс.Метрика