Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстанда 2018 жылы халықаралық стандартқа сай авиация мамандарын дайындайтын база құрылады

Қазақстанда 2018 жылы халықаралық стандартқа сай авиация мамандарын дайындайтын база құрылады, деді ОКҚ-дағы брифингте ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 16:53

Қазіргі таңда қазақстандық азаматтық авиация саласында  20 мың қызметкер жұмыс істейді. Халықаралық стандартқа сай білікті ұшқыштардың тапшылығы байқалып жатыр. Мәселен, елде қызмет ететін  1700 ұшқыштың  300-і шетелдіктер.1200 инженердің 220 шетелдік инженер.

«Азаматтық авиация саласында кадр дайындаумен Азаматтық авиация академиясы мен колледжі айналысуда. Жыл соңына дейін  оқыту ұшу кемесінің 5 бірлігін алу жоспарланып отыр», - деді ол.

 Оның айтуынша, қазіргі таңда литвалық жазғы  мектептермен ұшу қауіпсіздігі бойынша сертификатқа ие болу жұмыстары жүргізілуде.

«Туристік білім алу мен жазғы тәжірибе Академия базасында жүргізіледі. Қорытындысында түлектер жоғары білім мен ұшуға  рұқсат етілген еуропалық  құжатқа ие болады», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика