Парламент

ҚР-да электр энергияның импорты мен экспортын орталықтандыру үшін Ұлттық оператор институты ашылады

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 16:27

Аталмыш заң жобасының нормалары еліміздегі электр энергетикасы саласын жетілдіруге бағытталған. Бұл ретте біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жүктеме көтеруге әзірлігін қолдау үшін бірыңғай сатып алушы құрылатыны көзделеді. Сонымен қатар, электр энергиясының орталықтандырылған импорты мен экспортын жүзеге асыру үшін Ұлттық оператор институты енгізілмек.

Сондай-ақ, заң жобасында саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында электр энергетикасы саласындағы тариф саясатын өзгерту ұсынылады.

«Бүгінгі қолданыстағы электр энергетикасына тариф екі бөлікке бөлінеді. Біріншіден, бұл ауыспалы бөлік, онда электр энергиясын өндіруге кеткен шығынның өтелімділігі қамтылады. Екіншіден, тарифтік қуаттылық бойынша тұрақты бөлік. Ол электр қуаттарының жаңа нысандарын салумен қатар, қолданыстағы нысандарды жаңғырту арқылы инвестициялық шығындардың қайтарымдылығына негізделеді», - деді ҚР энергетика министрі Владимир Школьник.

Айта кетерлігі, заң жобасы аясында электр энергиясы нарығының айқындылығы мен тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Нарық кеңесін құру қарастырылады. Тұтастай алғанда, заң жобасы энергия өндіруші ұйымдар үшін инвестицияларды қайтарудың ұзақмерзімді кепілдіктерін қамтамасыз етуге жағдайлар жаслатывн болады.  

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика