Парламент

Мәжіліс Марракеш келісіміне Қазақстанның қосылуы туралы хаттаманы ратификациялады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 16:19

Айта кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстанның көп жылдар бойы Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ-ред.) кіру туралы жүргізген келіссөздері аяқталған болатын.

Ал 27 шілдеде ДСҰ-ға кіру туралы хаттамаға Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Женева қаласында қол қойды.  Қазақстанның ДСҰ-ға кіру бойынша келіссөздері негізгі төрт бағытта жүзеге асты.

Оның айтуынша, бірінші бағыт - көпжақты ауыл шаруашылық саласына мемлекет тарапынан берілетін субсидияның көлемі туралы келіссөздер. Бұл ДСҰ-ның 55 мүше-мемлекеттерімен арада жүргізілген. Екінші бағыт - көпжақты Қазақстанның сауда-экономикалық саясатының ДСҰ шарттарына сәйкестігін анықтайтын келіссөздер.

Үшінші бағыт - Қазақстанның қызмет нарығында шетел компанияларының жұмыс жасау шарттары туралы келіссөздер. Бұл ДСҰ шеңберіндегі 15 мемлекетпен жүргізілген. Төртінші бағыт - Қазақстанның тауарлар нарығына импортталатын кедендік баждардың ең жоғары мөлшері туралы келіссөз, бұл ДСҰ-ның мүшесі болып табылатын 30 мемлекетпен жүргізілген.

Айта кетейік, осы хаттама күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға мүше болады. 

 




Яндекс.Метрика