Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2019 жылға қарай 5 халықаралық әуе маршруты ашылады

2019 жылға қарай 5 халықаралық әуе маршруты ашылады, олар: Дубай, Гонконг, Токио, Сингапур, Нью-Йорк, деді ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 16:04

«Қазақстан бойынша 458 халықаралық әуерейсі  аптасына жүзеге асырылады, ал күн сайын 65 рейс жүзеге асырылады. Елбасының  әуе маршруттарының  географиясын кеңейту тапсырмасын жүзеге асыру  мақсатында осы  жылы 7 жаңа маршрут ашылды. Астанадан Қазан, Сеул,Париж, Тбилиси, Атыраудан Минералды суларға, Қызылордадан Мәскеуге, Алматыдан Минск қаласына бағыттар қосылды. Қазіргі таңда Астана әуежайынан  12 халықаралық қаржы орталығының 7-уіне рейс ашылды. Олар: Франкфурт, Пекин, Стамбул, Москва, Сеул, Лондон және  Париж. Астанадан 2019 жылға таман тағы бес бағыт ашылмақ. Олар: Дубай, Гонконг, Токио, Сингапур және Нью-Йорк», - деді Б.Сейдахметов.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша 87 халықаралық маршрут бойынша  жолаушылар тасымалданады.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика