Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2020 жылға дейін Семей, Қостанай мен Өскемен қалаларындағы әуежайлардың ҰҚЖ қайта қалпына келтіріледі

2020 жылға дейін Семей, Қостанай мен Өскемен қалаларындағы әуежайлардың ұшып-қону жолақтары (ҰҚЖ) қайта қалпына келтіріледі, деп хабарлады ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 15:52

«Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде  әуежайлардың инфрақұрылымы маңызды болып табылады. Еліміз бойынша республикалық маңыздағы 18 әуежай бар, бүгінде олардың 13-і қайта қалпына келтірілген. 2014 жылы Орал қаласындағы әуежайдың ұшып қону жолағына жөндеу жұмыстары жүргізу басталды, аталмыш жоба жақын арада аяқталады деп күтілуде. Дәл осындай жұмыстар Петропавл қаласының әуежайында ағымдағы жылы басталды, ол келер жылы аяқталатын болады. Бізде енді Семей, Қостанай мен Өскемен қалаларының әуежайлары қалды. Оларды 2020 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Б. Сейдахметов.  

Комитет төрағасы атап өткендей,  жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру жолында сапаржай кешендерін қалпына келтіру жұмыстары қажет етіледі.

«18 кешеннің 9-ы қайта қалпына келтірілді және жаңасы салынды. Ағымдағы жылы Тараз қаласындағы әуежайда жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар Қызылорда қаласындағы жаңа жолаушылар терминалының құрылысын қаржыландыру жоспарлануда», - деді ол.

Айта өтейік, жалпы, жыл сайын қазақстандық авиакомпаниялардың жолаушылар тасымалы артып келеді, соңғы жылдары өсім 10-15% құрады.

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика