Парламент

Қазақстан мемлекеттік рәміздерді пайдалануға міндетті орындар санын арттырады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 15:26

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысында аталып өткендей, аталмыш заң жобасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» патиясының XVI съезінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында берген тапсырмаларын орындау аясында жасақталды.

«Заң жобасының негізгі мақсаты – «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясын жүзеге асыруға бағытталған шараларды орындау», - деп атап өтті ҚР спорт және мәдениет вице-министрі Марат Әзілханов.

Сонымен, заң жобасында ҚР Мемлекеттік рәміздерін пайдалануға міндетті орындар санын арттыру, пайдалану ережелерін өзгерту және аталмыш мәселе бойынша ҚР Үкіметінің құзіретін нақтылау жолында өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика