Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақтөбе облысында ЖҚЖК-2020 аясында 10 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

Ақтөбе облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында 9990 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 1527 әлеуметтік жұмыс орындары, деп хабарлады Ақтөбе облысның ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе23 Қыркүйек , 19:12

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, 2015 жылдың қаңтары мен тамызы аралығында жеке меншіктік көмек 59 аз қамтылған отбасыға көрсетілді, оның құрамында  232 адам бар. Табысы өндірістік себет бағасынан  төмен  отбасылардағы 18 жасқа дейінгі  16 639 балаға 204,9 млн теңге көлемінде әлеуметтік төлемақы бекітілді.  2751 адамға көрсетілген тұрғын үй көмегінің жалпы құны  35,4 млн теңгені құрады.

Ақтөбе, Мартүк және Мұғалжар аудандарында 1 шілдеден бастап пилоттық режимде «Өрлеу» жобасы енгізілді. Оның аясында ақшалай көмек 103 азаматқа тағайындалды.

« «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында 9 990 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 1527-сі әлеуметтік болып есептеледі. Жастар тәжірибесіне 1298 адам бағытталды», - делінген хабарламада.  




Яндекс.Метрика