Адами капитал

ӘҚК Әскери институтының 100-ден астам түлегін Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің бөлімдеріне қызмет етуге жібереді (ФОТО)

Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының 100-ден астам түлегін Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің бөлімдеріне қызмет етуге жібереді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 23 Қыркүйек, 19:28

Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты 108 курсантты түлетіп шығаруға дайындады.

Олардың ішінде ҰҚШҰ елдерінің 15 өкілі бар. Бітіру қарсаңынла бозбалалар сегіз мамандық: маңдайшептік, армиялық, әскери-көліктік, шабуылдау-тактикалық авиация, авиацияны жауынгерлік басқару, ұшу аппараттары мен қозғалтқыштардың тактикалық пайдаланылуы, радиоэлектрондық, авиациялық жабдық пен қару-жарақ бойынша мемлекеттік емтиханды сәтті тапсырды.

Әскери қызметке деген әзірліктерін растады. ӘҚК ӘИ тап күзде жас офицерлерді түлетіп шығаратын Қазақстандағы бірден-бір әскери институт екенін атап өтейік. Жоғары оқу орнында айтқандай, бітіру алдында сәуір мен қыркүйек аралығында курсанттар қорытынды әскери тағылымдама мен ұшу практикасынан өтеді.    Осылайша, қазіргі түлектердің барлық курс бойынша жалпы ұшып өтуі Ан-26-да – 209 сағат, Л-39-да – 388 сағат, Ми-8-де – 349 сағатты құрады.

«Жауынгерлік басқару офицерлері» мамандықтарының курсанттары 20-дан аса өзіндік оқу-жаттықтыру келтірулерді және әуе кемелерін басып алуды орындады. Ал инженерлік-техникалық құрам ӘӘК бөлімдерінің ұшуларын қамтамасыз етуге белсене қатыса отырып, әртүрлі типтегі ұшақтарда 100 сағаттық регламенттік жұмыстарды орындады. Бүгінгі таңда Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты Орта Азиядағы ұшу және инженерлік-техникалық құрамдардың авиациялық мамандарын даярлауды жүзеге асыратын бірден-бір жоғары оқу орны болып табылады.  Жоғары оқу орны Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің бөлімдерінде қызмет етіп жүрген 1 700-ден астам офицерді түлетіп шығарды.

 





Яндекс.Метрика