Қостанай облысында мемлекеттік қолдау аясында құрылыс пеноблоктарының өндірісі іске қосылды

Қостанай облысы Федоров ауданының жаңадан бастаған кәсіпкері «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылыс пеноблоктарының өндірісін іске қосты, деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП.
Қостанай23 Қыркүйек , 19:43

Ербол Байдәулетов несиеге алған қаржысына пеноилеуші мен 100-ге жуық қалып үлгілерін сатып алған. Айналымға салған қаржысы да бірінші тауар партиясын жасау үшін шикізат алуға жұмсалды.

Кәсіпкердің айтуынша, тапсырысты күтіп отыратын уақыт болмаған, ол бірден ауылдасына 200 пеноблок құйып берген. Тапсырыс берушінің көңілі пеноблоктың сапасына және бағасына толып отыр, қалада бір пеноблок 400 теңге тұрса, ол одан 200 теңгеге арзан.

«Бүгінде біз өзімізді таныта білуіміз керек. Бұл тауар түрін сатып алу үшін қалаға немесе  мемлекеттен тыс аймаққа бару міндетті емес. Барлығы жақында және өзіміздікі қанша дегенмен сенімді. Жақын арада тағы жаңа қалып түрлеріне тапсырыс беруді ойлап отырмын. Сонда біз 200 блок құятын боламыз», - деді Е. Байдәулетов.




Яндекс.Метрика