Басқару

Жекешелендірудің ірі нысандары инвесторларға тікелей сатылым бойынша үлестіріледі – сарапшы

Жекешелендірудің ірі нысандары инвесторларға тікелей сатылым бойынша немесе қор нарығында IPO және SPO механизмдері арқылы үлестіріледі. Бұл туралы «Экономикалық зерттеу институты» АҚ кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры Нұрлан Күлбатыров журналистерге берген сұхбатында айтты.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 14:47

«Жекешелендірудің екінші толқыны аясында  осыған дейін қабылданған нысандар тізімін «Yellow Pages»  негізі бойынша таңдалған   жаңа нысандармен толықтыру қарастырылған. Жекешелендіру үрдісін белсенділету мақсатында ҚР Үкіметі ірі нысандарды стратегиялық инвесторларға  тікелей сатылым бойынша  немесе қор нарығында  IPO  және SPO  механизмдері арқылы үлестіру ұсынылып отыр», - деді Н.Күлбатыров.

Өзге компаниялар аукционда немесе қолданыстағы тікелей сатылым бойынша сатылады.

«Аукциондардан сатылатын мүліктің саудасы шектеулі болады: бірінші сатылым ағылшын әдісі арқылы ең қымбат бағаға келгенше жүзеге асырылады. Егер нысанға ешкім қызықпаса, екінші, үшінші жағдайда голландық әдіспен, бағаны төмендету бойынша сатылады», - деді сарапшы.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика