Парламент

2020 жылдан бастап барлық қазақстандықтар табысы мен мүлкін декларациялайтын болады

Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында депутаттар «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкiн декларациялау мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңының жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 13:27

Жалпыға бірдей декларациялауға көшу соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланып келеді. Көптеген дамыған елдер жеке тұлғаларды дербес декларациялау жүйесін салықтардың толық төленуін қамтамасыз ету және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға арналған тиімді құрал ретінде бағалайды. Заң жобасының негізгі бөлігі жеке тұлғалардың декларация толтыру және оны тапсыру рәсімдерін регламенттеуге арналған.

Атап айтқанда, декларация тапсыруы міндетті болатын тұлғалар аясы дәл анықталды, декларациялардың нысандары, оларды толтыру қағидалары, сондай-ақ оларды табыс ету мерзімдері айқындалды. Заң жобасында Декларациялау жүйесіне «кіруді» кезең-кезеңмен жүзеге асыру ұсынылады. Осылайша, бірінші кезеңде, яғни 2017 жылы, Декларациялау жүйесіне халықтың неғұрлым дайындалған бөлігін тарту жоспарлануда.

«Мұнда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына байланысты декларацияны тапсыру міндеттері қазірдің өзінде жүктелген тұлғалар туралы айтылып отыр. Бұл – депутаттар, судьялар, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ олардың жұбайлары. Сонымен қатар, бірінші кезеңде, пилот ретінде ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналын және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерін декларациялау жүйесіне енгізу ұсынылады», - деді Қаржы министрі.

Декларацияны тапсырудың екінші кезеңі 2020 жылы декларациялауға халықтың қалған бөлігін тартуға көзделген.

Кезеңдер арасындағы үш жыл уақытты бақылау жүйелерін қабылдау және өңдеуге, тұрақтандыру рәсімдерін талдау және жетілдіруге, сондай-ақ бұқаралық-медиа арқылы кең ауқымды жұмысты жүргізуге пайдалану жоспарлануда», - деп мәлiмдедi министр. 

Оның айтуынша, Декларациялау жүйесінің өзі екі түрлі декларация ұсынуды көздейді. Біріншісi – бір-ақ рет тапсырылатын «кіріс» декларациясы деп аталатын аталмыш активтер және міндеттемелер туралы декларация. Екінші декларация жеке тұлғалардың табысы және мүлкі туралы декларация деп аталады және ол жыл сайын тапсырылады. 

«Бұдан басқа, ұсынылып отырған заң жобасы жаңалықтарының бірі – жеке тұлғаның әлеуметтiк шығыстарына қолданылатын салық шегерімдерін кеңейту болып табылады. Сонымен қатар, 4 және одан да көп баласы бар көп балалы отбасыларға, 12 ең төмен жалақы көрсеткіші болатын стандартты салық шегеріміне қоса, бір жылда бір отбасыға тағы 24 ең төмен жалақы көрсеткіші қосымша беріледі», - деп түйiндедi Б.Сұлтанов. 

 




Яндекс.Метрика