Парламент

Мәжіліс «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік» туралы ҚР Заңын мақұлдады

ҚР Парламентінің Мәжілісі жалпы отырыста «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік» туралы ҚР Заңын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 13:04

Заң жобасының мақсаты мемлекеттік-жеке меншік  әріптестіктің қатысушылар аясын және қолданылу салаларын реттеу, мемлекеттік-жеке меншік  әріптестіктің келісімшарттық нысандарын кеңейту, институттық мемлекеттік-жеке меншік  әріптестік мәселелерін реттеу, мемлекеттік-жеке меншік  әріптестік шарттарының құрылымын айқындау, жеке қаржылық бастаманы енгізу, мемлекеттік-жеке меншік  әріптестік жобаларына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қатысу нысанын айқындау ұсынылады.

«Білім, денсаулық сақтау және автожолдар салу сияқты негізгі салалармен қатар заң жобасы мемлекеттік-жеке меншік  әріптестікті экономиканың барлық салалары мен аяларында дамытуды болжайды. Тыйым тек Мемлекет басшысының тиісті жарлығымен жеке нысандар бойынша салынады», - деді ол.

 Е.Досаев атап өткендей,  мемлекеттік-жеке меншік  әріптестіктің келісімшарттық нысандарын өмірлік цикл келісімшарттарын, ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған келісімшарттарды, сервистік келісімшарттарды және лизингтік тетіктерді енгізу арқылы елеулі түрде кеңейтуді көздейтінін баса айтты.

Сондай-ақ, жеке сектордың мүмкіндігі мемлекеттік мүлік туралы заңнама аясында мемлекеттік активтерді дамыту мен басқаруда қолданылады.

Мемлекеттік меншік туралы заң бюджеттен үш жылдық кезеңге төлем мүмкіндігін қарастырады, алайда бюджеттік заңнама қарыздарды қайтару немесе инвесторларды қолдауға арналған мемлекеттік қолдау механизмдерін қарастырмаған.Заң жобасы талқыланғаннан кейін бірауыздан мақұлданды.

Ұлттық экономика министрі «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласында өзгерістер мен толықтырулар енгзу туралы» ҚР Заңының жобасын ұсынып, оны Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.

МЖӘ формаларын жүзеге асыру үшін байқаулар мен келісімдер типтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Олар қосымша сараптама немесе біліктілік іріктеусіз өткізіледі.

МЖӘ туралы заңының қабылдануы мемлекеттік міндеттердің сапалы жүзеге асуын қарастырады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика