Басқару

Жекешелендірудің негізгі мақсаты -жеке сектордың дамуына тың серпін беру – сарапшы

Жекешелендірудің негізгі мақсаты – жеке сектордың дамуына тың серпін беру және аталмыш үрдіс барынша ашық өтеді, деп хабарлады «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры Нұрлан Күлбатыр журналистерге берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 12:52

«Жаңа құрылымдық экономикаға көшу тек жекелеген компаниялардың ғана емес, сонымен қатар тұтас салалар қызмет ету тиімділігін арттыруды талап етеді.Мемлекеттік меншіктің үлесін ЭЫДҰ елдерінің дәрежесіне жеткізу қажет.  Бұл ЖІӨ-нің 15 пайызы. 2020 жылға таман Елбасы экономиканы мемлекет иелiгiнен шығару немесе жекешелендiруді жеделдетуді тапсырды», - деді Н.Күлбатыров.

Оның айтуныша, мемлекеттік компаниялар мемлекеттің қамқорлығында болғандықтан жеке секторға толыққанды дамуға мүмкіндік бермейді.

«Бұл жекешелендірудің негізгі мақсаты – жеке сектордың дамуына тың серпін беру. Аталмыш жекешелендіру үрдісі барынша ашық өтеді, осы мақсатта МcKinsey, BCG, Tony Blair Group сынды тәуелсіз халықаралық консультанттарды тарту жоспарланған», - деп баса айтты  Н.Күлбатыров.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметі республикалық меншік бойынша басымдықты тізбеге 60 ірі компанияны енгізді. Оның ішінде «Самұрық-Қазынаның», «Бәйтеректің», «ҚазАгроның» компаниялары бар.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика