Инвестициялар

Кореялық бизнесмендер ОҚО-да күн электр станциясын ашады

«Main Energia Inc», «MJM Investment Со» оңтүстіккореялық компаниялар мен жергілікті «Аманат қызмет» фирмасы ОҚО-ның Сайрам ауданында күн электр станциясын бірлесіп салу туралы келісімге қол жеткізді, деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП.
Оңтүстік Қазақстан23 Қыркүйек , 16:48

Айта өтейік, электр энергиясын өндіру үшін күн батареялары орнатылады. Оларды ОҚО-ға «Main Energia Inc» оңтүстіккореялық фирма әкелмекші. Сағатына 100 МВт-тан астам электр энергиясы өндіріледі, бұл аймақ қажеттілігінің  70 пайызын қанағаттандырады. Төрт кезеңнен тұратын жобаның бірінші кезеңінде инвестор - «MJM Investment Со» компаниясы 50 млн долл. астам қаражат салуға дайын.

«Егер барлығы ойдағыдай болса жыл соңына дейін жобаны жүзеге асыра бастаймыз. Ал, электр станцияның өзін 2016 жылы  іске қосамыз. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 2020 жылға қарай Қазақстандағы электр энергиясының 30%-дан кем емес бөлігі жаңартылған энергия көздері болуы тиіс деген еді. Біз осы бағыттағы жобамыз тиімді болады деген үміттеміз», - деді  «MJM Investment Со» компаниясының директоры Ли Кун Со.

Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында компания жер телімін жалға алады және  инвестиция тартып, электр станция салады.

Оңтүстіккореялық компания өкілдерімен кездесу барысында аталып өткендей, мұндай зауыттарды салу экономикалық тұрғыда өте тиімді – газ, мазут, көмір жағылмайды, осылайша атмосфераға да зиян келтірілмейді.




Яндекс.Метрика