Парламент

Мәжіліс ҚР Азаматтық процессуалдық кодексіне енген өзгертулерді қабылдады

Мәжiлiс депутаттары жалпы отырыс барысында ҚР Азаматтық процессуалдық кодексiнiң жобасына Сенат енгiзген өзгерiстер мен толықтыруларды қабылдады.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 11:46

Азаматтық процессуалдық кодекс жобасын Парламент Мәжiлiсi биылғы жылдың 6 мамырында екiншi оқылымда мақұлдап, Парламент Санатының қарауына 430 түзетумен жолдаған болатын.

Алайда, Кодекс жобасына Сенат қосымша 87 түзету енгiзiп, 17 қыркүйекте Парламент Мәжiлiсiне қайтарды. Сонымен қатар, Мәжiлiс енгiзген барлық түзетулер Сенатта қолдау тапты. Жұмыс тобының отырысында Сенаттың ұсыныстары қаралды, бұл түзетулердiң барлығы Жаңғырту жөнiндегi ұлттық комиссияның шешiмдерiн орындауға бағытталғанын атап өткен жөн.

Оның айтуынша, өзгерiстер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетiлген тапсырмаларын iске асыру мақсатында енгiзiлген және бұл түзетулер оның тоғыз қадамын жүзеге асыруға бағытталған. 

Атап айтсақ, сот төрелiгi бессатылы жүйеден үш деңгейлi жүйеге көшудi көздейдi. Бұл түзетулерге сәйкес, бiрiншi сатыдағы сот - аудандық және қалалық соттар, апелляциялық саты - облыстық соттар, ал кассациялық сатыдағы сот - жоғарғы сот болып табылады. Сондай-ақ, сот жүйесiнiң сатыларын оңтайландыру арқылы апелляциялық сот өкiлеттiктерiн кеңейту көзделедi.

Одан басқа, сот рәсiмдерiн оңайлату және сот процесiн жеделдету үшiн прокурордың азаматтық-құқықтық даулар бойынша сотқа қатысуын қысқарту көзделген. Беделдi шетелдiк судьялардың қатысуымен үздiк халықаралық стандарттарды енгiзу, сондай-ақ, барлық сот процестерiн мiндеттi түрде аудио және бейне тiркеудi енгiзу үшiн Жоғарғы соттың жанынан халықаралық кеңес құру бөлiгiнде де тиiстi түзетулер енгiзiлдi.

Сонымен қатар, жалпы отырыста Мәжiлiс «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаматтық процессуалдық  заңнаманы жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңының жобасына ҚР Парламентi Сенаты енгiзген өзгерiстер мен толықтыруларды қабылдады.

 




Яндекс.Метрика