Өңірлер

Елорданың тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция көлемі 80 млрд теңгені құрады - ҰЭМ

2015 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 80732,9 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың қаңтар-тамызына - 105,3%, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан23 Қыркүйек , 12:19

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 21,6%-ды құрады.

Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 1197448 шаршы метр 10985 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2014 жылдың қаңтар-тамызынан 74,2%-ға жоғары.

Жеке салушылармен жалпы ауданы 31000 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2014 жылдың қаңтар-тамызына - 76,2%. Жалпы іске қосылған тұрғын үйлердегі жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 2014 жылғы қаңтар-тамызындағы 5,9 % қарағанда 2,6%-ды құрады.

Елордада 2015 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны 118,7 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылармен салынғаны 84,3 мың теңгені құрады.

 




Яндекс.Метрика