Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Аршалы ауданында бос орындар жәрмеңкесі өтті

Ақмола облысының Аршалы ауданында өткен бос орындар жәрмеңкесінен кейін 6 адам тұрақты түрде жұмысқа орналастырылды, деп Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлайды.
Ақмола23 Қыркүйек , 20:31

Аршалы ауданында бос орындар жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шараны аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі ұйымдастырды. Басты мақсат жұмысқа жұмыссыз жүрген тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту.

Алдын-ала жұмыс берушілермен және жұмыссыздармен жұмыс жүргізіліп, артынша жәрмеңеге қатысу туралы өтініштер таратылды.

Жәрмеңкеге қатысу туралы өтініш екі мекемеден яғни, «Казшпал» АҚ, «Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ келіп түсті.

Жәрмеңкеге 15 жұмыссыз жүрген адам қатысты. Шара барысында 5 адамға еңбек заңнамасы туралы кеңес берілсе, ал 6 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.




Яндекс.Метрика