Өңірлер

Қызылорда облысында газ есептегіш құралдары қайта орнатылып жатыр

Осы жылдың 1-ші қазанынан бастап «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы біраз жыл бұрын инвестициялық қаражат есебінен тегін қойылған газ есептегіш құрылғыларын қайтарып алады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қызылорда23 Қыркүйек , 19:58

Егер филиал қызметкерлері есептеуіш құралдарына жете алмаған немесе олардың жұмысын атқаруға әдейі кедергі келтірілген жағдайда есептеуіш құралдарының көрсетілімдері қабылданбайтынын және тұтынылған газ құны тұрмыстық тұтынушылар үшін тұтыну нормаларына сәйкес есептелетінін хабарлайды.

Жеке үйде тұратындарға тағам дайындау үшін 1 адамға жұмсалатын табиғи газ – 12,5 текше метрге тең.

Айта кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан еліміздегі серпінді инфраструктуралық жобалардың бірі - республиканың оңтүстік өңірлерін газдандыруға бағытталған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры құрылысының І-кезеңінің аяқталуы 2015 жылдың соңына жоспарланған.

Елді мекендерді газдандырудың мәселелерін қарқынды шешу үшін Қызылорда облысы әкімдігі «ҚазТрансГазАймақ» компаниясымен 4 ауданның орталықтарын – Арал қаласын, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттерін, сонымен қатар Байқоңыр қаласын газдандыру жөнінде келісімге қол жеткізді.

Осы тұста «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы облыс үшін маңызы зор бірнеше жобаны білек сыбана қолға алдып, жалпы ұзындығы 1500 шақырымға жуық газ тасымалдау желісін жүргізді.

Аймақ инфрақұрылымын дамытуға «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы барлығы 23 млрд. теңге тікелей инвестиция салды. Осы негізгі газ желісіне қосылу арқылы аймақтың барлық елді мекендерді кезең-кезеңімен көгілдір отынмен қамтылып келеді.

 




Яндекс.Метрика