Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

«АТОМ» жобасы ядролық сынаққа тыйым салынған келісім ұйымына таныстырылды

Кеше, 28 қазан күні ядролық сынаққа тыйым салынған келісім ұйымының 41-ші дайындық комиссиясының барысында ҚР Президентінің бастауымен «АТОМ» жобасы таныстырылды.
Әлемде29 Қазан , 11:12

«Өз баяндамасында Автриядағы Қазақстан Елшісі, Венадағы халықаралық ұйымның жетекшісі К. Әбдірахманов қазақстандықтардың ядролық қаруларды қолданбау және оларға тыйым салу бастамасын таныстырды. Елде ядролық қаруды мүлдем қолданбай, ауқымды ядролық қауіпті төндірмеудің өзге амалдарын қарастыру қажет», - деп хабарламада нақтыланған.

Өз кезегінде СІМ Тапсырмасын орындайтын  Елші Р. Василенко ядролық қарусыздану мен кеңестік ядролық қарудан құтылудың тарихын баяндап берді. «АТОМ» жобасы және Қазақстан мен шетел халық аталмыш идеяны қолдап отыр.

«Бүгінгі таңда петицияға 100 ел қол қойды. Алайда, біз одан әрі дамып, жаңа жетістіктерге жетуіміз қажет. Сондықтан біз өз күшімізді салып, әлемнің барлық халқы «АТОМ» жобасын қолдайтын дәрежеге жетуіміз қажет»,- деді Р. Василенко.

Шара барысында Кәріпбек Күйіковтың «Бейбітшілік іздеуде» атты сурет туындыларының көрмесі өтті.

 




Яндекс.Метрика