Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Жамбыл облысында қалалық көпбағытты аурухана мен аудандық емхананың құрылысы аяқталуға жақын

2013 жылы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша Таразда көпбағытты аурухана мен Жамбыл ауданының Аса ауылында емхананың құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жамбыл29 Қазан , 10:49

«Тараз қаласындағы 300 адамдық қалалық көпбағытты аурухананың құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Ол кезде 650 млн теңге қаржы қолданылған. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 1,16 млрд теңге бөлінді. Жыл соңына дейін барлық жұмыстар аяқталады деп жоспарлануда», - деп хабарламада нақтыланған.

Сонымен қатар, аудандық емхананың құрылысы 250 адамды қабылдайды. Аталмыш құрылыс жүру барысында бірқатар олқылықтар табылған. Қаржыландырумен де проблема туындаған. Алайда, әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 3 жылға созылған емхананың құрылысы жақын арада аяқталады.

Айта кетерлігі, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша Жамбыл облысында құрылысқа 7 медициналық мекеменің  бесеуі енді.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика